Венгрия құрамасы Қазақстанға қарсы ойынға қатысатын құрамын жариялады

news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Венгрия ұлттық құрамасының бас бапкері Жорж Лекенс Қазақстан құрамасына қарсы жолдастық кездесуге шақырту алған футболшыларының тізімін жариялады.

Қақпашылар: Денеш Дибус («Ференцварош»), Петер Гулачи («РБ Лейпциг», Германия), Адам Ковачик («Видеотон»);

Қорғаушылар: Беше Барнабаш («Гавр», Франция), Эндре Ботка, Герге Ловренчич, Кеннет Отигба (Бәрі — «Ференцварош»), Аттила Фиола («Видеотон»), Рихард Гузмич («Яньбянь Фудэ», Қытай), Сильвестер Хангя («Вашаш»), Тамаш Кадар («Динамо» Киев, Украина), Адам Ланг («Нанси», Франция), Янош Сабо («Пакш»);

Жартылай қорғаушылар: Акош Элек («Қайрат», Қазақстан), Ласло Кляйнхайслер («Астана», Қазақстан), Адам Надь («Болонья», Италия), Мате Паткаи («Видеотон»), Адам Пинтер («Гройтер Фюрт», Германия);

Шабуылшылар: Даниель Беде, Роланд Варга (Екеуі де — «Ференцварош»), Балаж Джуджак («Аль-Вахда», БАӘ), Мартон Эппель («Гонвед»), Кристиан Немет («Нью-Ингленд Революшн», АҚШ), Неманья Николич («Чикаго Файр», АҚШ), Золтан Штибер («Ди Си Юнайтед», АҚШ), Адам Салаи («Хоффенхайм», Германия), Роланд Уграи («Диошдьер»).

Естеріңізге сала кетейік, Венгрия мен Қазақстан құрамаларының кездесуі 23 наурыз күні Будапешт қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер