Мовсисян мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

Мовсисян мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Армения құрамасының және мәскеулік «Спартак» командасының бұрынғы ойыншысы Юра Мовсисян мансабын Қазақстан Премьер-Лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталған ауысым қысқы трансферлік терезе жабылғанға дейін жүзеге асуы әбден мүмкін.

30 жастағы футболшы соңғы екі маусымды АҚШ елінде өткізді. MLS лигасында бақ сынайтын «Реал Солт-Лейк» клубында шабуылшы тәп-тәуір өнер көрсетті.

Армениялық ойыншыға қазақстандық бірнеше клуб қызығушылық танытып отыр. Алайда, оған қол жеткізуге «Астана» командасының мүмкіндігі зор. Осы трансфердің сәтті жүзеге асуы үшін елордалық клуб команданың қазіргі шабуылшысы Джордже Деспотовичті Америкаға жіберуге дайын.

Юра Мовсисян Армения құрамасының сапында 34 ойынға қатысып, 9 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер