Жеңіл атлетика

Даниал Ахметов Жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті

Даниал Ахметов Жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының Кезектен тыс конференциясы өтті. Жиын барысында Федерацияның жаңа президенті болып Ахметов Даниал Кенжетайұлы сайланды, деп хабарлайды ҚР ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайты.

Елордамызда өткен Кезектен тыс конференцияның күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды:

ҚР Жеңіл атлетика федерациясын бұған дейін басқарған Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату;

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының жаңа президентін сайлау.

Осылайша, Атқару комитеті мүшелерінің бірауызды шешімімен Әділбек Жақсыбековтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, оның орнына ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып Ахметов Даниал Кенжетайұлы сайланды.

– Маған сенім білдіргендеріңізге рахмет! Әділбек Рыскелдұлы басқарған бір жылдың ішінде аз шаруа атқарылған жоқ. Енді сол бастамаларды ары қарай жалғастырып, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясын дамытуға тырысамыз. Алдымызға қойған мақсаттарымыз өте көп. Мәселен, бірінші ретте спорттық инфрақұрылымдарды жетілдіруді көздейміз. Жақын уақытта жеңіл атлетикаға бейімі бар барлық өңірлердің әкімдерімен кездесіп, сол аймақтардың жеңіл атлетика спортын дамыту жолдарын қарастырамыз. Соның ішінде, келесі жылы Семей қаласында Ұлттық құрамалар базасы дайын болады, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Сондай-ақ, Кезектен тыс конференцияда ҚР Жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің жаңа мүшелері бекітіліп, Әділбек Жақсыбеков Атқару комитетінің құрамына енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер