Теннис

Томми Хаас спорттық мансабын аяқтады

news-banner7
mobile-news-top

Неміс теннисшісі Томми Хаас спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады.

39 жасар теннисші спорттық мансабында 15 титулға қол жеткізген. Сегіз маусымда әлемнің үздік жиырма теннисшісі қатарына енген. Соңғы титулын 2013 жылы жеңіп алған. Содан бері жарақаты мазалаған неміс теннисшісі үлкен жеңістерге қол жеткізе алмады.

- Кәсіби спортшы атанып жолым болды. Жиырма жыл бойы үлкен спортта жүрдім. Спорт маған көп дос табуыма, әлемді шарлауыма мүмкіндік берді, – деді Хаас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер