Әлем футболы

Шюррлемен кездесіп жүрген қазақстандық ару желі қолданушыларын таңғалдырды

Шюррлемен кездесіп жүрген қазақстандық ару желі қолданушыларын таңғалдырды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық модель Анна Шарипова ресейлік "Р-Спорт" агенттігінің SportStories шолуының басты кейіпкері болды, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

Қыз бала Берлинде тұрады және дортмундтық "Боруссияның" жартылай қорғаушысы Андре Шюррлемен кездесіп жүр. Германия құрамасының сапында өнер көрсетіп жүрген Шюррле 2014 жылы әлем чемпионатында және соңғы екі Еурокубоктарында жеңіске жетті. "Боруссияға" дейін хавбек "Вольфсбург", "Челси", "Байер" және "Майнц" клубтарында өнер көрсетті.

Шюррле мен Шарипова 2017 жылдың басында кездесе бастады. Ару сәулетші мамандығы бойынша білім алып, саяхаттағанды әуес қылады. "Неміс футболшысы, әлем чемпионы Андре Шюрлені шабыттандырып жүрген бірегей сұлу, ол кім?", - деп жазды SportsStories.

Сонымен қатар қыздың Instagram желісіндегі парақшасындағы ең тартымды суреттерін жариялады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер