«Астана» гимнінің тұсауы кесілді. Видео

«Астана» гимнінің тұсауы кесілді. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Gakku музыкалық арнасында «Астана» футбол клубының «Бірге» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың соңында танымал қазақстандық әншілер Қайрат Баекенов, Luina және Нұржан Керменбаев елордалық команданың жеткен жетістіктерінен жігер алып, клубтың «Бiрге» («Вместе») деп аталатын әнін орындап шыққан еді.

Аздаған уақыттың ішінде аталмыш туынды отандық жанкүйерлер арасында ерекше танымалдылық жинап, артынша осы әнге бейнебаян түсірілген болатын. Бүгін осы бейнебаянның тұсауы Gakku арнасының эфирінде кесілді. Бейнебаянның бір қызығы әнді танымал әншілерден бөлек, «Астана» футбол клубының негізгі ойыншылары - Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Иван Маевский, Ненад Эрич, Ласло Кляйнхайслер, Патрик Твумаси және Джуниор Кабанангалардың қосыла шырқағанында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер