Басқа

Шучинскте ұлттық құрамалар үшін арнайы жаңа шаңғы базасы ашылады

news-banner7
mobile-news-top

Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында Шучинскте ұлттық құрамалар үшін арнайы жаңа шаңғы базасы ашылады.

Ресми түрде аталмыш спорт кешен наурыздың 19-ы ашылады. Ұйымдастырушылар - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.

Заманауи спорт кешені шаңғы-биатлон трассасы, шаңғы стадионы және әкімшілік ғимараттардан тұрады. Аталмыш базада қазақстандық спортшылардың күнделікті дайындықтары үшін барлық жағдай жасалған.

Бірінші болып бұл трассаны шаңғышылар тексеріп көрмек. Жаңа базада өтетін халықаралық жарысқа Қазақстанның 10 облысынан 100-ге жуық спортшы қатысады. Сондай-ақ, Украина, Ресей және Беларусь елдерінің шаңғышылары өнер көрсетеді. Алдағы сайысқа Қазақстан құрамасының жетекші спортшысы Алексей Полторанин де қатысады.

FIS аясында өтетін халықаралық жарыс бапкерлік құрамға спортшылардың техникалық және тактикалық дайындықтарын зерттеуде өз көмегін тигізбекші.

Жарыстың қорытындысы бойынша спортшылар халықаралық рейтингтегі орындарын жақсарта алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер