Бокс

Андре Уорд шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Екі салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы Андре Уорд шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Mmaboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпқой бокста жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген америкалық Андре Уорд спорттық мансабын қайта жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы ауыр салмақты WBC тұжырымының бұрынғы чемпионы Тони Белью айтты. Ол өз сөзінде:«Біз Уордтың командасымен келіссөздер жүргіздік. Көпшілік қауымға ол қолғабын шегеге ілгенін айтқан. Алайда оның командасы басқалай ойлайды. Бұл мәселемен Эдди Хирн айналыссын. Мен Уордтың мықты боксшы екенін білемін, алайда оны сұлатуға әлеуетім жетеді», – деді Тони.

Айта кетейік, 2017 жылдың қыркүйек айында спорттық мансабымен қош айтысқанын айтып, қолғабын шегеге ілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер