Criminals
Басқа

Жанна Демченко: Сот үкіміне қатысты пікір білдірмеймін

Жанна Демченко: Сот үкіміне қатысты пікір білдірмеймін
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда синхронды жүзуден Қазақстан чемпионаты өтуде. Prosports.kz тілішісі ақша жымқырып шартты түрде сотталған ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Жанна Демченкомен сол жарыста кездейсоқ кездесіп, ел чемпионаты мен сот үкіміне қатысты ойын білген болатын.

- Жанна Геннадьевна, ел чемпионаты қалай өтті?

- Ұйымдастыру жағына келсек, жарыс өте жоғарғы деңігейде өтті. Қатысушылар саны биыл ерекше көп. Еліміздің төрт аймағы – Қарағанды, Астана, Алматы және Ақтөбе облысынан жиналған синхронды жүзушілеріміз бірнеше күн бойы сайысты. Синхронды жүзужің соло түрі бойынша 21 жеке қатысушы тіркелді. Бұл бұрын соңды болмаған көрсеткіш. Айта кетерлігі, қарағандылық спортшылар жарысқа жақсы дайындалған, деңгейлері өскені де көзге айқын көрінеді.

- Жарыстың басты фавориттері Александра мен Екатерина Немичтер не себепті көрмедік?

- Александра мен Екатерина тұмауратып қалды. Кейін ол бронхитке айналып Франциядағы әлем кубогының кезеңі мен ел чемпионатынан тыс қалды. Дәрігер олардың жарысқа шығуына рұқсат бермеді. Қыздар енді сауығып жаттығуға кірісті. Сәуір айында Жапонияда әлем кубогының кезеңі өтеді. Екатерина мен Александра сол жарысқа дайын болуы тиіс.

- Азия ойындарына қатысатын спортшылар осы Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша іріктеледі ме?

- Менің білуімше, Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша соло мен дуэт сайысына қатысатын спортшылар анықталады. Немичтер жұбы қалай болса да құрлық ойындарында ел намысын қорғайды. Себебі олар Олимпиада қатысушылары, әлемдік рейтингте он екінші орында және елімізде оларға тең келетін жұп жоқ. Осы ел чемпионатында бірінші орын алған Русанова Дженифер мен Дегтерева Яна жұбы оларға бәсекелес бола алмайды.

- Сізге қатысты шыққан сот үкімі жайлы ...

- Ол жайлы ғаламторға кіріп оқып алыңыз. Мен ол жайлы пікір білдірмеймін.

- Сізге тым жеңіл жаза қолданылған сияқты?!

- Сот үкімі бар. Оған қатысты пікір білдіруге міндетті емеспін.

Айта кетйеік, Астана қаласы Есіл ауданының №2 cоты наурыз айында Демченкоға қатысты үкім шығарған. Төрешінің шешіміне сәйкес, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салған Демченко ҚР Қылмыстық Кодексінің 385 бабы 1-тармағы, 189 бабы 4-тармағы бойынша айыпты деп танылды. Ол шартты түрде 7 жылға сотталды, алайда "ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау" туралы заңға сәйкес жаза мерзімі екі есе қысқартылды. Сот материалдарынан белгілі болғандай Демченко Ж.Г. 2012-2015 жылдар аралығында 5 721 871 теңге жымқырған.

Естеріңізге салайық, синхронды жүзуден ұлттық құраманың бұрғынғы мүшелері Әйгерім Жексембинова, Айсұлу Наурызбаева, Әйгерім Исаева, Амина Ермаханова мен Айнұр Керей prosports.kz тілшісіне бапкердің былықтары туралы ащы шындықты айтып сұхбат берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер