RomaSport
Басқа

ШҚО-да спорттық гимнастикадан ашық облыс чемпионаты өтуде

ШҚО-да спорттық гимнастикадан ашық облыс чемпионаты өтуде
news-banner7
mobile-news-top

Семейде қыздар және жасөспірімдер арасында спорттық гимнастикадан ашық облыс чемпионаты өтуде. Мұндағы қатысушылар дені 5 пен 16 жас аралығын құрайды.

Аталмыш сайысқа жергілікті спортшылардан бөлек, Талдықорған, Қарағанды, Павлодар қалаларынан келген 129 жас гимнастшы жарыс жолына шықты. Мұнда үздіктер екі күнге жалғасқан бәсеке барысында анықталады.

– Спорттық іс-шара салауатты өмір салтын ұстанып, осы спортты жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатымен өткізілуде. Сонымен қатар, сайыс нәтижесінде облыс құрамасы жасақталмақ, – деді жарыстың бас төрешісі Фирдания Хайбуллина.

Облыстық чемпионат қорытындысында, республикалық деңгейдегі додаларда өңір намысын қорғайтын облыс құрамасы жасақталады. Жуық арадағы сайыс ретінде наурыздың 26 мен сәуірдің 1 аралығында спорттық мектептер мен клубтар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты болып табылады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер