Бокс

Мадияр Әшкеев: Головкин Альваресті нокаутқа жібереді деп үміттенемін

Мадияр Әшкеев: Головкин Альваресті нокаутқа жібереді деп үміттенемін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев Prosports.kz-ке берген сұқбатында Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы ойын айтты.

- Боксшы ретіндегі ойым - Головкин бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті. Белсенділік пен соққылар саны бойынша ол үлкен басымдыққа ие болған. Бірақ бұл – бизнес. «Голден Бой» мен бокс ұйымдарының басшылары үшін тең есеп қолайлы болды. Себебі екеуінің бірі жеңіске жетсе, екінші жекпе-жек қызық болмай қалуы мүмкін еді. Енді бәрі осы кездесуді тағатсыздана күтіп жүр. Геннадий бұл жолы Альваресті нокаутқа түсіреді деп үміттенемін. Сөйтіп, таза жеңсе екен, - деді Әшкеев.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы рематч 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер