русский язык
Қысқы

Паралимпиада чемпионы Колядин: Медаль алуға күрестім

news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХІІ қысқы Паралимпиада ойындарында 15 шақырым қашықтықтағы спринтте алтын медаль алған қазақстандық спортшы Александр Колядин жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Бас бапкеріміз медаль аламыз деген тапсырма қойған болатын. Қалай болмасын, медаль алуға күрестім. Медаль керек болды», - деді Колядин.

Чемпион өзінің жабдығын әзірлейтін мамандарға алғыс білдірді.

«Сүйікті сервисмендеріме алғыс айтамын. Шаңғымызды жақсылап дайындады. Солардың еңбегі де ақталды», - деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;