Әлем футболы

«Бавария» «Бешікташқа» мүмкіндік қалдырған жоқ

«Бавария» «Бешікташқа» мүмкіндік қалдырған жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Ыстамбұлда «Бешікташты» жеңген мюнхендік «Бавария» Чемпиондар Лигасының ширек финалына жетінші мәрте шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы таймда есепті ашқан қонақтар екінші таймның басында Генюлдің өз қақпасына соққан голынан соң 2:0 есебімен алда тұрған. Арада 15 минут өткенде алаң қожайындары сапынан Вагнер Лав көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартқан. Алайда тұрік ойыншыларының бұдан артыққа күші жеткен жоқ. Ойын аяқталуға санаулы минуттар қалғанда Сандро Вагнер есепті 3:1-ге жеткізді.

Осылайша, қос ойын нәтижесі бойынша 8:1 есебімен басым түскен неміс командасы ширек финалға жолдама алды.

«Бешікташ» - «Бавария» - 1:3 (Первый матч 0:5)

«Бешікташ»: Зенгин, Генюл, Эркин, Медель, Озъякуп, Уйсал, Куарежма, Арслан (Хатчинсон, 60), Ленс (Талиска, 61), Вагнер Лав (Бабель, 75), Пектемек.

«Бавария»: Ульрайх, Рафинья, Алаба, Боатенг, Хуммельс (Зюле, 46), Мартинес, Алькантара (Хамес, 35), Видаль, Рибери, Левандовски (Вагнер, 68), Мюллер.

Голдар: Алькантара, 18 (0:1), Генюл, 46 (автогол – 0:2), Вагнер Лав, 59 (1:2), Сандро Вагнер, 84 (1:3)

Ескертулер: Хатчинсон, Озъякуп - Хуммельс, Боатенг, Рафинья

Бас төреші: Майкл Оливер (Англия)

14 марта. Стамбул. Стадион «Водафон Арена»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер