Ноэль Кинг: «Қазақстан - болашағынан үміт күттіретін жас команда»
![Ноэль Кинг: «Қазақстан - болашағынан үміт күттіретін жас команда»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1381899461_984612687.jpg?v=28689580)
Ирландия құрамасының бас бапкері Ноэль Кинг кешегі матчтан кейін журналистерге сұхбат берді.
- Ойыншыларым жақсы өнер көрсеткендіктен өзімді бақытты сезініп отырмын. Қазақстан құрамасы да тамаша ойнады.
- Қаншалықты жақсы ойнады?
-Қазақстан құрамасы кәсіби ойыншылардан жасақталған, сондықтан қиындықтар туындады. Негізгі құрамда жас ойыншылар көп, сондықтан болашағынан үмыт күттіреді. Алған беттеріңізден таймай ілгерілей берсеңіздер жетістік көп күттірмейді.
- Бірінші таймда қиындықтар туындады ма?
- Қақпамызға гол кіргенде алаңдай бастадық, дегенмен жылдам голдың арқасында таразы басын теңестірді. Кейін оңайрақ болды.