Қысқы

Елбасы Паралимпиадада топ жарған Колядинді құттықтады

Елбасы Паралимпиадада топ жарған Колядинді құттықтады
news-banner7
mobile-news-top

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XII қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленген шаңғышы Александр Колядинді құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Ақ Орданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл жарқын жеңіс Қазақстанның миллиондаған жанкүйеріне қуаныш сыйлап, еліміз үшін мақтаныш сезімін ұялатады. Сенің жетістігің Қазақстан спортының тарихына еніп, өскелең ұрпаққа лайықты үлгі болары сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшыға зор денсаулық пен амандық тілеп, спортта жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер