Басқа

Қарағандыдағы әлем чемпионатына 13 елдің балықшылары қатысып жатыр

news-banner7
mobile-news-top

Қарағанды қаласында балық аулаудан әлем чемпионаты басталды. Жарысқа 13 елдің командасы қатысып жатыр, деп жазады 24.kz сайты.

Әр құрамада 5 балықшыдан. Қазір олар дайындықтарын пысықтап, жаттығу өткізуде. Ал негізгі сайыс наурыз айының 16-17-сі күндері «Самарқанд» су қоймасында өтпек. «Бұл жерде балық көп, әрі қармақ салуға өте қолайлы», – дейді ұйымдастырушылар.

Сондықтан таңдау осы көлге түскен. Сайыс шарты бойынша үш сағат ішінде ең көп балық аулаған спортшы жеңіске жетеді.

- Бұл жақта мұздың қалыңдығы 1,5 метрге дейін жетеді екен. Біздің елде олай қатпайды. Сондықтан бұрғылау қиынға соғайын деп тұр. Бірақ біздің дайындығымыз жақсы, жеңістен үміттіміз. Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім. Өте ұнады. Халқы да қонақжай екен, - дейді Беларусь елінен келген балықшы Александр Романов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер