Қысқы

Колядин Паралимпиада «алтыны» үшін 250 мың доллар алады

Колядин Паралимпиада «алтыны» үшін 250 мың доллар алады
news-banner7
mobile-news-top

Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы қазақстандық шаңғышы Александр Колядин тарихи жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан бұған дейін қысқы Паралимпиадада алтын медаль алып көрмеген болатын.

Колядин енді осы «алтыны» үшін 250 мың доллар сыйақы алады.

Айта кетейік, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдолимпиада ойындарына сыйақы мөлшері бірдей қарастырылған: 1-орынға – 250 мың доллар, 2-орынға – 150 мың, 3-ші орынға – 75 мың, 4-ші орынға – 30 мың, 5-ші орынға – 10 мың, 6-шы орынға – 5 мың доллардан.

Сондай көлемдегі ақшаны спортшының құрамадағы бапкері мен жеке бапкері де бөліп алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер