Басқа

GGG әріптері бар автонөмірлер 130 мың теңгеге сатылып жатыр

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанда «GGG» әріптерімен басталатын автокөлік нөмірлері үлкен сұранысқа ие.Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.

Қазақстандық жүргізушілер Геннадий Головкиннің аты-жөнінің бірінші әріптері белгіленген нөмірлерді жаппай сатып алып жатыр. Яғни, қазір үш «GGG», «QQQ», «III» және үш «JJJ» әріптері бар нөмірлерге сұраныс тым көп екен. Мұндай нөмірлерді 130 мың теңгеге сатып алуға болады. Құны аспандап тұрса да, сәнге айналған бұл серияны Алматы қаласында 78 адам сатып алыпты.

Жалпы, өткен жылы «VIP» нөмір алу үшін 1400-ден астам жүргізушіден өтініш түссе, биыл бұл көрсеткіш еселене түспек. Өйткені, тек 2 айдың ішінде 500-ден астам жүргізуші темір тұлпарына сәнді нөмір тағып үлгерген. Бұған, биылғы жылғы өзгерістер түрткі болған. Яғни, әркім әріптерді өзі қалаған күйінде жаздыра алуы, «VIP» нөмірлер саудасын қыздыра түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер