Бокс

«Адайдың» келесі қарсыласы анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Уәлихан «Адай» Бисенқұлов кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін 17 наурызда Мәскеуде өткізеді.

Оның қарсыласы ресейлік Максим Давыдкин болмақ. Кездесу жартылай ауыр салмақта (79,4 кг) өтеді.

Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 13 ақпанда Ресейде өткізген. Сол кезде Бисенқұлов қырғызстандық Самад Абдимоминуулын бірінші раундта нокаутпен ұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер