Жеңіл атлетика

Георгий Шейко мен Регина Рыкова спорттық жүрістен Азия чемпионатына қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Жақын арада өтетін халықаралық турнирлердің бірі – спорттық жүрістен Азия чемпионаты, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Бұл жарыс жыл сайын наурыз айының ортасында Жапонияның Номи қаласында өтеді. Биылғы жылы 18 наурызға жоспарланған. 20 шақырымға спорттық жүрістен сары құрлықтың әрбір мемлекетінен 2 спортшы қатысуға болады. оның біреуі ерлер арасында, екіншісі әйелдер арасында сынға түседі.

Ерлер арасында Қазақстан намысын Георгий Шейко қорғайды. Ол – осы сайыстан еліміздегі ең үздік спортшы. Шейко жыл сайын Азия чемпионатындағы нәтижесін жақсартып келеді. Батыс Қазақстан облысының тумасы 2016 жылы қола медаль алса, 2017 жылы күміске ие болған. Жеке рекордын да Номида орнатқан.

Георий жаңа маусымға дайындықты қазан айында Түркияда бастаған. Кейіннен Ресейдің курортты аймағы Кисловодск қаласына барды. Қысқы маусымда Ыстықкөлде жаттықты.

Әйелдерден Номиға Регина Рыкова барады. Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы былтырғы маусымда ең үздік нәтижені көрсеткен. Номиде жерлесіміз 20 шақырымды – 1:35:45 сағатта жүріп өткен.

Азия чемпионатымен қатар 20 шақырымға спорттық жүрістен халықаралық турнир өтеді. Оған Қазақстаннан Диана Айдосова қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер