Әлем футболы

Жозені жігіттері жерге қаратты

Жозені жігіттері жерге қаратты
news-banner7
mobile-news-top

13 наурыздан 14 наурызға қараған түні төрт команда Чемпиондар лигасының ширек финалдық жолдамасын сарапқа салды.

Англияда өткен «Манчестер Юнайтед» пен «Севилья» арасындағы кездесуде келесі кезеңге өтетін команда белгілі секілді көрінген. Жозе Моуриньоның тәлімін алатын жігіттер Испания чемпионатында ала-құла өнер көрсетіп жүрген «Севильяны» жолда қалдырады деп ойлағандар көп болған.

Алайда, Винченцо Монтелла бастаған испаниялықтар азуы алты қарыс «Қызыл сойқандарды» жеңіп кетті. Кездесудің бірінші таймы голсыз аяқталған болатын. Ал екінші таймда алаңға тыңнан қосылған Бен Йеддер бес минуттың ішінде екі гол соғып, командасын жеңіске жетеледі. Манчестерлік команда сапынан ойын соңына қарай Лукаку бір гол соққанымен, бұл гол ештеңені өзгерте алмады.

«Манчестер Юнайтед» - «Севилья» 1:2 (Алғашқы ойын — 0:0)

Гол соққандар: Лукаку, 84 — Бен Йеддер, 74, 78

«Манчестер Юнайтед»: Де Хеа — Валенсия (Мата, 77), Смоллинг, Байи, Янг — Феллаини (Погба, 60), Матич — Лингард (Марсьяль, 77), Санчес, Рашфорд — Лукаку

«Севилья»: Рико — Меркадо, Кьяер, Ленгле, Эскудеро — Нзонзи, Банега — Сарабия, Васкес (Писарро, 87), Корреа (Гайс, 89) — Муриэль (Бен Йеддер, 72)

Ескерту алғандар: Рашфорд — Банега, Бен Йеддер, Корреа, Сарабия

塞维利亚淘汰了曼联

Ал Италия астанасы Рим қаласында өткен «Рома» - «Шахтер» кездесуі алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. 1:0 есебімен жеңіске жеткен италиялықтар келесі кезеңге жолдама алды. Ал өз алаңында 2:1 есебімен жеңген украиналық команда қонақта бір гол соға алмай қор болды.

«Рома» - «Шахтер» 1:0 (Алғашқы ойын 1:2)

Гол: Джеко, 52

«Рома»: Алиссон — Флоренци, Манолас, Фасио, Коларов — Де Росси, Строотман — Ундер (Жерсон, 65), Наингголан, Перотти — Джеко (Эль Шаарави, 89)

«Шахтер»: Пятов — Бутко, Ракицкий, Ордец, Исмаили — Степаненко (Патрик, 74), Фред — Марлос (Дентиньо, 82), Тайсон, Бернард — Феррейра

Ескерту алғандар: Флоренци, Манолас — Степаненко, Фред, Феррейра

Алаңнан қуылды: Ордец, 79

哲科庆祝进球

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер