Қысқы

Рейхерд Әлем кубогының жалпы есебінде екінші орында келеді

Рейхерд Әлем кубогының жалпы есебінде екінші орында келеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық фристайлшылар Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева могулдан Әлем кубогының жалпы есебінде үздік бестікке еніп тұр. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайты хабарлады.

Ерлер арасындағы рейтингте канадалық Микаэль Кингсберри көш бастап тұр - 840 ұпай. Екінші сатыда қазақстандық Дмитрий Рейхерд - 540 ұпай. Үздік үштікті 441 ұпай жинаған жапониялық Икума Хоришима қортындылап тұр. Тағы бір Қазақстан өкілі Павел Колмаков 16-шы орында. Ол 127 ұпай жинаған.

Әйелдер арасындағы рейтингте франциялық Перрин Ляфонт ешкімге дес бермеуде - 527 ұпай. Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева үздік бестікті түйіндеп тұр - (380 ұпай).

Естеріңізге сала кетсек, могулдан Әлем кубогының соңғы кезеңі наурыздың 18-де Францияның Межев қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер