Бокс

Альварес дауына байланысты WBC мәлімдеме жасады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек жақындаған сайын тараптар арасындағы дау-дамай өрши түсті.

Әсіресе, мексикалық боксшының қанынан табылған допинг көпшіліктің пікірін екіге жарды. Осы жағдайға қатысты Бүкіләлемдік бокс кеңесі арнайы мәлімдеме жасады. Яғни тыйым салынған заттың боксшы қанына бүлінген етпен келуі әбден мүмкін екені айтылған.

«Альварес біраз жылдан бері «Таза бокс» бағдарламасын ұстанып келеді және бұған дейінгі допинг сынамаларында олқылық жоқ. Сондықтан оған деген сенім жоғалмады», – деп санайды ұйым өкілдері.

Қалай болғанда да, қазір қос боксшы қызу дайындыққа кірісті. Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші кездесу 5 мамырда Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренада өтеді. Бокс кешінің билеттері 2 апта бұрын сатылымға шықты.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер