Әлем футболы

Букмекерлік кеңсе: МЮ «Севильядан» оңай өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Букмекерлік кеңселердің болжамы бойынша, бүгін «Манчестер Юнайтед» ширек финалға оңай шығады, ал «Рома» - «Шахтер» матчында командалар деңгейі бірдей.

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында МЮ мен «Севилья» кездеседі. Алғашқы ойында командалар 0:0 есебімен тарқасқан. Енді Манчестерде өтетін кездесуде алаң иелері фаворит саналады. Букмекерлер МЮ келесі кезеңге өтеді дегенге 1.52 коэффициент ұсынып отыр. Ал испаниялық ұжым ширек финалға өтеді деп бәс тігушілерге 2.64 кэф ұсынылған.

Ал «Рома» - «Шахтер» матчында қос ұжымның келесі кезеңге өту мүмкіндігі бірдей. Украинадағы алғашқы матчта «Шахтер» 2:1 есебімен ұтқан еді. Қарымта кездесу алдындағы болжам мынадай: «Романың» келесі кезеңге өтуіне – 1.92 кэф, ал «Шахтердің» өтуіне – 1.95 кэф.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер