русский язык

Мирослав Беранек: «Қарсыласымыз мықты, дегенмен жеңістен дәмеліміз»

Мирослав Беранек: «Қарсыласымыз мықты, дегенмен жеңістен дәмеліміз»
Матч алдындағы баспасөз маслихатында ұлттық құрамамыздың бас бапкері Мирослав Беранек пен Андрей Карпович жәңе Марк Гурман журналистердің сұрақтарына жауап берді.
 
- Мирослав, барлық ойыншыларымыз кездесуге дайын ба?
 
- Өкінішке қарай жоқ. Юрий Логвиненко, Анатолий Богданов пен Андрей Финонченко матчқа қатыспайды.
 
- Андрей, команданың көңіл-күйі қалай?
 
- Қарсыламыз мықты екенін білеміз, дегенмен жеңісті көздейміз. Жақсы ойын көрсетіп жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді.
 
- Марк, қорғаныста жақсы ойын көрсете аламыз ба?
 
- Көрсете аламыз деген үміттемін. Бұл кездесуге тыңғылықты дайындалдық, жақсы ойын көрсетуге тырысамыз.
 
- Марк, Робби Кинді тоқтата аласын ба?
 
- Әрине, Роббиді құрметтеймін. Алайда гол соққызбау үшін бар жанымды саламын.
 
- Мирослав, Финонченконы кім алмастырады?
 
- Алаңда бірінші минуттан кім шығатын жайлы білгілеріңіз кеп тұр. Бірақ шындықты айтайын өзім де әлі білмеймін. Бірнеше нұсқам бар, соның біреуін таңдаймыз.
 
- Мирослав, Ирландияда үш ұпай олжалау қолдан келеді ме?
 
- Лайықты ойын көрсетсек әрине. 
 
- Мирослав, Ноэль Кинг “Қазақстан еуропалық деңгейдегі команда” деген. Қарсыластарыңыз жайлы не айтасыз ?
 
- Бұл команданың ойыны баяғыдан белгілі, Ойыншылары ұзын пастарға иек артады. Қәзір ойындары өзгеше, құрамаларында Робби Кин секілді адуынды футболшы бар, жеке басым оны швециялық Златан Ибрагимовичпен теңеймін.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;