Әлем футболы

Майкл Каррик мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Майкл Каррик мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Юнайтед» командасының капитаны Майкл Каррик маусым соңында футболшылық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

- Менің дене қуатым жалғасты жоғары деңгейде өнер көрсетуіме мүмкіндік бермейтін секілді. Сол себепті жасыл алаңға қош айтуға бел будым. Мен «Манчестер Юнайтедке» алғаш келгенде, осында ұзақ уақыт бойы қаламын және көптеген жеңістерге жетемін деп ойламадым», - деді Каррик.

Майкл 1981 жылы 28 шілдеде дүниеге келген. «Манчестер Юнайтедке» 2006 жылы лондондық «То́ттенхэмнен» ауысып келген. Он жылдан астам уақыт аралығында ол командасымен бірге Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған. Бұдан бөлек, бес мәрте Англия Премьер лигасын, Англия кубогын, Англия лига кубогын жеңіп алған.

Англия ұлттық құрамасы сапында 2006, 2010 жылғы Әлем чемпионаттарына қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер