Дзюдо

Қазақстандық дзюдошылар жаңартылған рейтингте жоғары көтерілді

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Агадирде өткен әлемдік Гран При кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайты.

Жарыс қорытындысы бойынша жаңартылған тізімде аталмыш турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған қазақстандық дзюдошылар рейтингте жоғары көтерілген.

Атап айтқанда, Гран При Чемпионы Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) 9-шы орыннан 7-ші орынға, күміс жүлдегер атанған Ерлан Серікжанов (66 келі) 85-ші орыннан 48-ші орынға, ал Агадирде қола жүлдеге ие болған Бекәділ Шаймерденов (73 келі) 266-шы орыннан 73-ші орынға көтерілген.

Жаңартылған рейтинг кестесінде қазақстандық дзюдошылар келесідей орындарға жайғасқан (1-50):

60 келі

Ғұсман Қырғызбаев – 7-ші орын (3358 ұпай)

Елдос Сметов – 32 (1023)

Рустам Ибраев – 45 (695)

66 келі

Елдос Жұмақанов – 10 (2630)

Азамат Мұқанов – 43 (877)

Ерлан Серікжанов – 48 (840)

73 келі

Жансай Смағұлов- 11 (2636)

81 келі

Азиз Калқаманұлы – 50 (712)

90 келі

Ислам Бозбаев – 11 (2576)

-100 келі

Максим Раков – 24 (1409)

Виктор Демьяненко – 39 (865)

+100 келі

Ержан Шынкеев – 44 (743)

Естеріңізге сала кетсек, 9-11 наурыз күндері Агадирде дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтті. Қазақстандық дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы командалық есепте жарысты 38 ел ішінде 6-шы орынмен аяқтаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер