русский язык

Ноэл Кинг: «Қазақстан еуропалық командалармен терезесі тең ойын көрсетеді»

Ноэл Кинг: «Қазақстан еуропалық командалармен терезесі тең ойын көрсетеді»
Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы қарсыласымыз Ирландияның бас бапкері Ноэл Кинг пен құрама капитаны Робби Кин матч алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
 
- Ноэль, Германиямен өткен кездесуде не жетпеді?
 
- Біздің топтағы командалар мықты. Біздің жігіттер жеңуге тырысқан, алайда немістермен үзеңгілесу өте қиын.
 
- Ноэль Қазақстанға қарсы кездесуде Германиямен ойнағандай тактика тандайсыз ба?
 
- Қарсыластарымыздың ойынына байланысты. Қазақстан кәсіпқой ойыншылардан тұрады, олар қорғаныста да, шабуылда да жақсы ойнайды.
 
- Ноэль, Қазақстаннан жеңілсеңіз ұятқа қаласыз ба?
 
- Жоқ. Бұл футбол. Ондай нәтижені де күтуге болады.
 
- Ноэль, әлем рейтингісінде 59-шы орында тұрсыз. Осы тұрғыда командалар арасында алшақтық бар сияқты...
 
- Бұған мен кінәлі емеспін.
 
- Ноэль, Қазақстан жайлы не айтасыз?
 
- Бұл мықты команда. Физикалық тұрғыдан да жақсы. Фарер аралдарымен салыстырғанда күштірек.
 
- Робби, келесі іріктеу кезеңге қатысасыз ба?
 
- Денсаулығыма байланысты. Командаға пайдам тиіп жатса ойнауды жалғастырамын.
 
- Робби, Қазақстан құрамасының деңгеі өсті ме?
 
- Ия. Швеция Австрия секілді командаларға қарсы тең ойнады. Бұндай нәтижеге жетудің өзі жеңіс. Бұл кездесу біз үшін қиын болмақ. Қазақстан көбінде қорғаныстан ойнайды, сол себепті гол соғудың өзі қиын болады. Алайда жеңіске жетеміз деген ойдамын.
 
- Ноэль, Қазақстанның ойын өрнегі көбінесе қай футбол үлгісіне жақын, Еуропалық па, әлде Азиялық?
 
- Еуропалыққа жақынырақ шығар. Себебі команда жылдам ойнауға бейім. Бұл құраманың іріктеу кезеңдегі барлық матчтарын көрдім. Астанадағы ойын әлі есімде, соңғы сәтте гол соқпағанда ұтылар едік.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;