Ұлттық спорт

Қазақ күресінен «Әскер барысы» анықталды

news-banner7
mobile-news-top
Шымкентте әскери қызметкерлер арасында қазақ күресінен ел біріншілігі өтті.
«Әскер барысы» деп аталатын балуандар бәсекесінде барлық күштік құрылымдардан келген отыз жігіт өзара мықтыны анықтады. Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті мен Армия орталық спорттық клубы ұйымдастырған сайыста жеңіске жеткен балуан «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алады.
Өткен жылы «Әскер барысы» турнирінің жеңімпазы атанған Еламан Ерғалиев Қазақстан барысын да қоса жеңіп алған болатын.
Шымкент қаласында өткен турнирде Армия орталық спорттық клубының палуаны Ерасыл Кажыбаев бірінші орын алды.
Дереккөз: 24.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер