Дзюдо

«Қазақстан Барысының» жеңімпазы Мароккодағы Гран-Приде сүрінді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» жобасының жеңімпазы Еламан Ерғалиев Агадирде (Марокко) өтіп жатқан Гран-Приде жүлдесіз қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» сайты.

100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ерғалиев словениялық балуан Вито Драгичке жол беріп, жарысты аяқтады.

Сондай-ақ, қола медаль үшін тартыста жерлестеріміз Ислам Бозбаев (90кг) пен Виктор Демьяненко (100кг дейін) бельгиялық Йоахим Ботто мен неміс Карл-Рихард Фрайдан жеңілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мароккодағы Әлем кубогында Қазақстанның қоржынында бір алтын медаль (Ғұсман Қырғызбаев), 1 күміс медаль (Ерлан Серікжанов) және 1 қола медаль (Бекәділ Шаймерденов) бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер