Футзал

Какау емханадан шықты

Какау емханадан шықты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Какау ота жасатып емханадан шықты.

Клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында бразилиялық маман өзінің денсаулығы мен Қазақстан құрамасы сапындағы болашағы туралы айтып берді.

Операциядан кейінгі жағдайы туралы:
Қазір менің жағдайым жақсы. Емханада менің «Қайраттың» бас бапкері екенімді барлығы білді. Бұл клубты көпшілік құрметтейді. Сондықтан барлығы маған жақсы қарады. Ойыншыларым мен жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Олардың барлығы маған хабарласып, денсаулығымды сұрап тұрды.

«Аятқа» қарсы кездесу туралы:
Мен үнемі Мариомен («Қайраттың» физикалық дайындығына жауапты маман) байланыста болып, жаттығу жөнінде бірнеше кеңес бердім. Егер жағдайым жақсы болатын болса, мен ойынға келуге тырысамын. Өйткені, бұл жартылай финал ғой. Бірақ маған қазір демалу керек. Күш жинау қажет.

Болашағы туралы:
Бұған дейін айтқанымдай, 18-наурызға дейін мен жаңа жұмыс орнын анықтаймын. Егер жаңа клубым маған рұқсат берсе, Қазақстан құрамасы сапында қала беретін шығармын.

Айта кетейік, Какау Қазақстан құрамасын 2013 жылдан бері жаттықтырып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер