Қысқы

Қазақстандық паралимпиадашы шаңғы жарысында 4-ші болып келді

Қазақстандық паралимпиадашы шаңғы жарысында 4-ші болып келді
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 20 шақырым қашықтыққа тік тұрып шаңғымен жарысу сайысы аяқталды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Жарысқа 18 спортшы қатысты. Қазақстандық параатлет Александр Герлиц 47:54:4 уақыт көрсеткішімен (+3:02.0) жарысты төртінші болып аяқтады. Бұл - спортшыларымыздың осы жарыстағы ең үздік көрсеткіші.


«Бүгінгі сайыс өте тартысты болды. Өзімнің бар күшімді салдым. Төртінші болып келгеніме қуанып тұрмын. Себебі бұған дейінгі үздік көрсеткішім 7-орын болған. Енді алда тағы да 12, 5, 15 шақырым парабиатлон және шаңғы жарыстары бар. Оларда да бар мүмкіндігімді пайдалануға тырысамын», - деді Александр Герлиц.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер