Футзал

«Қайраттың» ойыншылары футболдан аула лигасын қолдады

«Қайраттың» ойыншылары футболдан аула лигасын қолдады
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда футболдан аула командалары арасындағы лига басталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткен спорттық шараға «Нархоз» университетінің стадионында 1000-ға жуық ойыншылар жиналды. Бұл жарысқа жасы 8-ден асқан ұлдар мен қыздар қатысып барлығы 125 команда болды.

Қатысушыларға «Қайрат» футзал командасының ойыншылары Игита мен Дінмұxамед Сүлейменов жақында ұтып алған «Еременко кубогын» таныстырып, суретке түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша, кіші топ арасында "Гунеры" командасы бірінші орын алса, ал, үлкендер арасында «Легион» жеңіс тұғырынан көрінді.

- Бұл жарыс өте ұнады. Барлық командалар жоғары деңгейде өнер көрсетті. Алдағы уақытта жеңіске жетеміз деп ойлаймыз, - деді қатысушылардың бірі Қуат Ахметқазы.

Айта кетер жайт, аула командалар арасындағы ойындар «Мaxi чай» компаниясының қолдауымен ақысыз түрде олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Бірінші «А» лигасына – 8-ден 14 жасқа дейінгі, ал, екінші «Б» лигасына – 15-тен жоғары жастар қатыса алады. Регламентке сәйкес әр командада 8 ойыншы болу керек.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен медалдарға ие болды, сонымен қатар, аула лигасының демеушісі «Мaxi чай» компаниясының сусындары таратылды.

Аула лигасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында үшінші жыл қатарынан өткізілуде. Оның басты мақсаты қала жастарының спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, футбол ойынын дамыту.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер