Әлем футболы

Петр Чех 200 ойында өз қақпасын голдан таза ұстады

Петр Чех 200 ойында өз қақпасын голдан таза ұстады
news-banner7
mobile-news-top

Англия Премьер лигасының 30 туры аясында «Арсенал» өз алаңында «Уотфорд» командасын қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың соңғы ысқырығы естілген бетте алаңдағы футболшылар болып, төрешілер болып лондондық команданың қақпашысы Петр Чехті құттықтады. Бұл құттықтау чехиялық қақпашының АПЛ-да 200 ойында өз қақпасына гол жібермеудей ерен еңбегі үшін арналған болатын.

36 жастағы Петр Чех футбол әлеміне өте танымал голкиперлердің бірі. Жасыл алаңда жүргеніне жиырма жылға жуық уақыт болды. Осы уақыттың 11 жылын «Челси» командасының сапында өткізді.

Шабуылшылар үшін 100, 200 гол соққаны той болса, қақпашылар қақпасын голдан аман сақтап қалған ойындар үшін мақтанады. Біз сөз етіп отырған тәжірибелі қақпашының Англия Премьер лигасында өз қақпасына гол жібермеген матчтар саны 200 ге жетіп отыр. Ол «Челсиде» жүргенде 162 ойында, «Арсенал» сапында 38 кездесуде қақпасын голдан аман алып қалған екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер