Велоспорт

Бүгін «Париж-Ницца» көпкүндігінің соңғы кезеңі өтті

Бүгін «Париж-Ницца» көпкүндігінің соңғы кезеңі өтті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Париж-Ницца» веложарысының ұзақтығы 110 шақырым болатын сегізінші кезеңі мәресіне жетті.

Аталған көпкүндіктің соңғы кезеңінде «Астана» велокомандасының шабандоздары арасынан үздік нәтижені Омар Фраиле көрсетті. Омар екінші болып мәре сызығын кесті. Бірақ ол жалпы есепте 26-шы сатыға жайғасқан.

Ал алтыншы кезеңнен кейін жалпы есепте көш бастап тұрған «Астана» командасының шабандозы Луис Леон Санчес қортынды нәтижеде 21-ші сатыдан ғана көріне алды.

«Париж — Ницца». Сегізінші кезең
Ницца — Ницца. 110 шақырым

1. Давид Де ла Крус (Испания, «Sky») — 2:53:06
2. Омар Фраиле (Испания, «Астана»)
3. Марк Солер (Испания, «Movistar») — +0:03

14. Михаэль Вальгрен (Дания, «Астана») — +1:30
15. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана») — +2:45
32. Уго Уль (Канада, «Астана») — +9:45
50. Магнус Корт Нильсен (Дания, «Астана») — +14:05
56. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана»)

Жалпы есеп:

1. Марк Солер (Испания, «Movistar») — 30:22:41
2. Саймон Йейтс (Великобритания, «Mitchelton-Scott») — 0:04
3. Горка Исагирре (Испания, «Bahrain-Merida») — +0:14

14. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана») — +5:51
21. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») — +17:19
26. Омар Фраиле (Испания, «Астана») — +24:25
31. Михаэль Вальгрен (Дания, «Астана») — +31:15
52. Магнус Корт Нильсен (Дания, «Астана») — +52:49
57. Уго Уль (Канада, «Астана») — +1:00:27.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер