«Astana Arlans» кездесуді жеңіліспен бастады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүкіләлемдік бокс сериясының (WBS) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» жаңа маусымдағы үшінші кездесуін «Patriot Boxing Team» командасына қарсы өткізіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан кездесуде алғашқы жұпта 52 келі салмақта өнер көрсететін Павел Гунченко (Ресей) мен Сәкен Бибоссынов (Қазақстан) бокстасты.
«Astana Arlans» сапындағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп отырған Сәкен сәл тәжірибесіздік танытып, қарсыласынан 2:1 есебімен ұтылып қалды.