Спорт әлеміндегі қызықтар
Басқа

Автоспорттың даму тарихы

Автоспорттың даму тарихы
news-banner7
mobile-news-top

1893 жылы ең алғаш рет Пьер Гиффар есімді адам, Париждегі «Le Petit Journal» газетінің бір шығаралымына алғашқы автоспорттан жарыс өткізілетінін мәлімдеген. Айта кету керек, 1887 жылы ең алғаш арбалар жарысы өткен. Ең қызығы арбалар ешқандай сыртқы көмектерге жүгінбей, өздері қозғалған.

Алғашқы автоспорт жарысынының басталуы 1894 жылдың 22 шілдесіне жоспарланған. Қатысушыларға Парижден Руанға дейінгі қашықтықты еңсеруге тура келді. Айта кетейін, бұл қашықтық 126 километрге тең, оны 8 сағаттан аз уақыт ішінде жүріп өту керек болатын.

Жеңімпазды белгілеу критерийлеріне келетін болсақ, экономика, қауіпсіздік және басқару ыңғайлылығы сияқты компоненттердің жақсы үйлесімін көрсете алған экипаж ұтады .Бұл сол кездегі ережеде көрсетілген.

Жарыстың жеңімпазы 5000 франк сыйақыға ие болған. Бұл сол кездегі автоспорт жарысының бастамасы үшін өте жақсы сома болған. Жарысқа 102 үміткер қатысуға өтініш бергенін атап өту керек. Жарысқа бензин, керосин және электр энергиясымен қозғалатын көліктер қатысқан.

Келесі толыққанда автоспорт жарысы бір жылдан кейін , яғни 1895 жылы Париж-Бордо-Париж қашықтықтары бойынша орын алған. Автоспорт тарихы түрлі қызықты оқиғаларға толы. Бақытты жеңістер мен көптеген техникалық жетістіктер және ауыр қайғылар да көрініс табады.

ОҚИ ЖҮРІҢІЗ: Автоспорттың ерекшеліктері

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер