Велоспорт

«Астана» велокомандасы жетінші кезеңде де желпіне алмады

news-banner7
mobile-news-top

«Париж-Ницца» велокөпкүндігінің жетінші кезеңі аяқталды.

«Астана» жейдесін киген шабандоздар желдей есе алмады. Ұзап шықты деген Якоб Фульсангтың өзі тоғызыншы орынға тұрақтады. Тау жолдары тайғақ болды ма, өрге тартқандар ішінде ершігінен ауып қалғандар кездесті. Әупіріммен аман қалғандар арасында ағылшын Саймон Йейтс бар еді. Қарсыластарынан әудем жер озып шығып, кезең жеңімпазы атанды.

«Астана» жейдесін киген кейбір спортшылардың нәтижесін тізе кетейік. Луис Леон Санчес – жиырма алтыншы, Омар Фраиле мәре сызығын Луистен кейін кесті. Михаэль Вальгрен – жиырма тоғызыншы, Уго Уль елу бесінші орын иеленді. «Астаналықтарды» артқа тартқан – даниялық Магнус Корт Нильсен. Неге олардың біздің команда сапында жүргені Александр Винокуровқа ғана мәлім.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер