«Қайрат» «Қызылжарды» қиындықпен жеңді

«Қайрат» «Қызылжарды» қиындықпен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматының төрінде футбол мерекесі. «Қайрат» командасы Премьер-Лигаға 9 жылдан кейін қайта оралған «Қызылжарды» қабылдады.

Астанада өткен Суперкубок ойынында басты бәскелесі «Астанадан» ұтылған «Қайрат» бүгін өз алаңында жанкүйерінің алдында сүрінбеуге міндетті еді. Алғашқы минуттардан қарсыласының қақпасын торауылдаған алаң иелерінің ешбір шабуылы сәтті аяқталған жоқ. Ал «Қызылжар» ойыншылары мүмкіндігін мүлт кетірген жоқ. 26-шы минутта әріптесінен пас алған Братислав Пуношевач допты басымен қақпаға дәл түсірді. «Қайраттың» шабуылының қонақ команданың қорғанысына тісі батқан жоқ. Екінші таймда Карлос Феррер алаңға Исаэл мен Аршавинді шығарды. Бразилиялық футболшы шыға салысымен қауіпті шабуыл жасады. Оның алыстан жасаған соққысын Тимурбек Закиров әрең қайтарды. 77-ші минутта «Қайраттың» үш ойыншысы қақпа алдында гол соға алмады. Дегенмен ойын аяқталауына тура он минут қалғанда Исаэл айыпдобын әдемі орындады. Оның жасаған соққысын «Қызылжардың» қақпашысы күтпеген еді. Араға бес минуттан астам уақыт өткен Андрей Аршавин қорғаушылардың қақ ортасынан қақпаны дәл көздеді.

Қазақстан Премьер-Лигасы. І тур

«Қайрат» (Алматы) - «Қызылжар» (Петропавл) 2:1

Голдар: Исаэл 80', Аршавин 86' - Пуношевич 25'

Бас төреші: Болат Сәриев (Орал)

11.03.2017 жыл. Алматы. Орталық стадион

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер