«Ертіс» «мұнайшыларды» қапы қалдырды

«Ертіс» «мұнайшыларды» қапы қалдырды
news-banner7
mobile-news-top

Павлодарлық «Ертіс» футболдан Қазақстан Премьер-лигасын жеңіспен бастады.

Керекулік команда өз алаңында «Атырауды» қабылдаған. Матч есебі жылдам ашылды. 5-ші минутта Павел Шабалин өзінде бар мүмкіндікті мүлт жібермеді. Осылайша, ол Премьер-лиганың осы маусымдағы алғашқы голын соқты.

21-минутта «Ертістің» жаңа ойыншысы Дору Попадюк есепті еселей алды. Үзіліске дейін қолайлы басымдыққа қол жеткізген алаң иелері қалған уақытта «мұнайшылардың» есепті теңестіруіне мүмкіндік бермеді. «Мұнайшылар» тек бір голмен ғана жауап қата алды. 87-минутта Томислав Барбарич гол соқты.

Қорытынды есеп – 2:1. «Ертіс» маусымды жеңіспен бастады.

«Ертіс» - «Атырау» 2:1 (2:0)

Голдар: 1:0 - Шабалин 5, 2:0 - Попадюк 21, 2:1 - Барбарич 87

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер