Басқа

Астанада мемлекеттік қызметкерлер физикалық дайындық бойынша Президенттік тестілеуден өтті

news-banner7
mobile-news-top

Астанада шаңғыдан Президенттік тестілеу өтті. Онда 15 мемлекеттік органның 300-ден астам қызметкері бақ сынады. Олардың арасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер, қаржы және статистика министрліктерінің қызметкерлері бар.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Жарысқа 18-69 жас аралығындағы мамандар қатысып, түрлі қашықтықты бағындырды.

«Биылғы жарыстың ерекшелігі бастапқыда Президенттік, ұлттық екі деңгейлі болса, биыл бастапқы деңгей қосылды. Сол үш деңгей бойынша әйелдер мен ерлер арасында жарыстар өткізілуде. Жас мөлшеріне байланысты 18-23 жастағылар 5 км-ге, 60-69 жастағылар 2 шақырымға жүгіруде», – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитетінің ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы директорының орныбасары Еркеғали Кәрібозов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер