Еркін күрес

Дәулет Ниязбеков әлемдегі үздік балуандардың көшін бастап тұр

news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанған Дәулет Ниязбеков Халықаралық күрес ұйымының жаңартылған рейтингінде ең үздік балуандардың көшін бастады, деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жақында ғана Бішкекте өткен Азия чемпионатында қарсыластарын қоғадай жапырып, Азияның үш дүркін чемпионы атанған Дәулет әлемдік рейтингте де үздіктердің көшін бастады. 65 келіге жаңадан ауысқан отандасымыз 26 ұпай жинап, әлемдік рейтингте 1 орынға жайғасты. Отандасымызға Бішкекте өткен Азия чемпионатының финалында есе жіберген жапондық Такатани екінші орынға жайғасса, өзбек балуаны Темуржог Усмонохунов үздік үштікке табан тіреген.

Айта кетейік, еркін күрес шеберлерінен жаңартылған рейтингте Жандос Исмаилов 57 келіде 4 орында, Нұрислам Санаев 61 келіде 2 орында, Данияр Қайсанов 74 келіде 5 орында және Әділет Дауланбаев 92 келі салмақта 3 орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер