Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы 10-26 наурыз аралығында Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Алғашында Түркияға 11 спортшы және 4 жаттықтырушы барады деп жоспарлаған. Бірақ кейіннен тізім кеңейіп, 16 спортшы және 5 жаттықтырушыға көбейді.

Атлеттер Белектегі «Глория спорт арена» оқу-жаттығу базасында дайындалады.

Сонымен тізімге қосылған атлеттер:

1. Вячеслав Земс (110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру);

2. Виталий Земс (100 және 200 метрге жүгіру);

3. Владислав Григорьев (100 және 200 метрге жүгіру);

4. Давид Ефремов (100 және 200 метрге жүгіру);

5. Никита Филиппов (сырықпен секіру)

6. Дмитрий Коблов (400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру);

7. Иван Иванов (ядро серпу);

8. Артур Гафнер (найза лақтыру);

9. Анастасия Виноградова (100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру);

10. Мария Телушкина (диск лақтыру);

11. Диана Нусупбекова (балға лақтыру);

12. Виктория Зябкина (100 және 200 метрге жүгіру);

13. Әйгерім Шыназбекова (100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру);

14. Элина Михина (400 метрге жүгіру);

15. Светлана Голендова (400 метрге жүгіру);

16. Любовь Ушакова (200, 400 метрге жүгіру).

Қазақстандық жеңіл атлеттермен бірге бапкерлерден Николай Барсанов, Виктор Евсюков, Константин Редько, Олег Виноградов, Любов Никитенко аттанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер