RomaSport
Басқа

ШҚО-да бильярдан облыстық турнир өтуде

ШҚО-да бильярдан облыстық турнир өтуде
news-banner7
mobile-news-top

Өскеменде бильярдтан Темірлан Уалиевті еске алуға арналған ересектер арасында облыстық турнир өтуде. Аталмыш жарыс облыстық деңгейде осымен екінші рет өткізілуде.

Сайыста өскемендіктерден бөлек, Семей қаласынан және аймақтың бірқатар аудандарынан 32 спортшы келіп қатысуда. Мұнда 18 жастан бастап 63 жас аралығындағы қатысушылар және 63 жастан жоғары ардагерлер өзара үздікті анықтауда. Үздіктер олимпиадалық жүйе бойынша ойнап шығу барысында белгілі болмақ. Жарыс ережесіне сай, екі рет жеңіліс тапқан қатысушы турнирден шеттетілір отырады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі деп жоспарлануда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтама қағаздары мен медальдар, кубок, сондай-ақ, бағалы сыйлықтар табысталмақ.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер