RomaSport
Басқа

ШҚО-да семсерлесуден облыс чемпионаты өтуде

ШҚО-да семсерлесуден облыс чемпионаты өтуде
news-banner7
mobile-news-top

Өскеменде семсерлесуден әртүрлі жастағы ерлер мен әйелдер, сондай-ақ, кадеттер мен жастар арасында облыс чемпионаты өтуде.

Облыс орталығындағы сайыста Өскемен және Семей қалаларының спортшылары бақ сынасуда. Жарыста семсершілер өз мүмкіндіктерін байқауда.

– Бұл бәсеке спортшылардың тәжірибе жинақтап, семсерлесуді жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатымен өткізілуде.Сонымен қатар, чемпионат барысында облыс құрамына спортшылар іріктелетін болады, – деді жарыстың бас төрешісі Дархан Еділханұлы.

Қатысушылар жекелей сында және командалық есеп бойынша өзара үздікті анықтамақ.Ақтық сайыстар өз мәресіне жеткен соң, республикалық деңгейдегі жарыстарда өңір намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер