RomaSport
Басқа

ШҚО спортшысы әлемдік Гран-при кезеңінде күміс жүлде иеленді

ШҚО спортшысы әлемдік Гран-при кезеңінде күміс жүлде иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Шығысқазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Марокконың Агадир қаласындағы әлемдік Гран-при кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті.

Аталмыш жарыстың алғашқы күнінде татамиге жеңіл салмақтағы балуандар шықты. Бұл сында Ұлттық құрама сапындағы шығысқазақстандық Ерлан Серікжанов жарыс жолына бетттеген болатын. ШҚО спортшысының алғашқы қарсыласы Франция елінің өкілі Алистер Вард, екінші айналымда тәжірибелі ресейлік спортшы Михаил Пуляев болды. Ал, жартылай финалдық кездесуде ол словениялық Адраз Жеребті сенімді ұтып, алтынға таласу мүмкіндігіне ие болды. Алайда, ақтық сында Ерлан Серікжанов серб Андряно Гомбичемен жолығып, қосымша уақытта «вазари» ұпайымен есе жіберді.

Айта кетейік, наурыздың 11 күні Әлем кубогінің татамиіне ауыр салмақтағы шығысқазақстандық Жасұлан Мұхаметханов көтеріліп, 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғамақ.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер