Басқа

Шетелдік БАҚ-қа шол: Аталарымыз дойбыны ат үстінде қалай ойнаған

news-banner7
mobile-news-top

«ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынды.

Қазақтар бұрын дойбыны ат үстінде де ойнаған - «Іле» газеті

Қытайда шығатын «Іле» газетінде Нұртаза Наурызбекұлының қазақ дойбысы туралы жазған, тың деректер ұсынған, мәдени танымдық мақаласы жарық көрді.

Аталған мақалада, дойбының әлемдік шығу тарихына шолу жасай отырып, қазақ дойбысының ескі шежіресін қаузап, оның қалыптасуы, дамуы, ұлттық болмысы, бүгінгі жағдайы туралы соны деректермен бөліскен.

«...Әлемде дойбының түрі көп, ол әр жердегі халықтың атымен аталып жүр. Ұлтымыз дойбыны өз атымен «Қазақ дойбысы» деп атап, тақта бетіндегі жүріс жолдарын «ұзын үй», «қос үй», «үш үй», «төрт үй» және үйлердің бастарын «иық» деп бөлген. Ойынға қажетті ереже, қағидаларды енгізген. Жеңіс-жеңіліс нәтижесін «құл закүт», «би закүт», «қорлық закүт», «қос қоржын», «көк күшік», «үш тайынша», «көп тайынша» деген секілді атау тағып, ойынның соңғы нәтижесінің құндылығын ұлтымыздың өмір салтына қарай бейімдеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер