Жаға ұстатты

«Ақтөбе» футболшысы түскі асқа 14 мың теңге жұмсаған

«Ақтөбе» футболшысы түскі асқа 14 мың теңге жұмсаған
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбенің» футболшысы Фабрицио Сильва Дорнеллас Қазақстанда түскі ас ішудің өте арзанға шығатынын жазған.

Бір қызығы, оның «арзан» деп отырған түскі асына 14 333 теңге кеткен. Ол чектің суретін «Инстаграмдағы» парақшасына жариялады.

Бұл суретіне ол «Бұл жерде өте арзанға тамақтандық» деген жазба қалдырыпты.

Бұл чектің нақты қай жерде түсірілгені белгісіз. Бірақ «ақ-қызылдар» негізгі құрамының футболшылары қазір Ақтөбеде жаттығып жүр. Жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынғандықтан, ҚПЛ-дың 1-ші турындағы «Қайсарға» қарсы матчқа тек ақтөбелік жас футболшылар аттанды.

Сурет ФК «Актобе» ТКБ парақшасынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер