Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Патоның ұйғыр актрисаға есі кетіп жүр

Патоның ұйғыр актрисаға есі кетіп жүр
news-banner7
mobile-news-top

Бүгінде «Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубында доп тебетін бразилиялық футболшы Алешандро Пато Қытайда футболға емес, махаббатқа мән беріп жүрген көрінеді.

«Милан» сапында жасындай жарқылдаған Алешандро өткен жылы қытай асып, ақша қуып кеткен еді. Бірақ, Азия жерінде де аладопты аяғында ойнатып жүрген Пато жоқ. Аңсары әлде бір аруға ауғанын футболшының өзі де жасырмайды, жергілікті тілшілер де жазудан жалықпайды.

迪丽热巴到底有多美?竟能让巴西足球巨星公开示爱

Анықтап айтар болсақ, 28 жастағы футболшы Қытайда тұратын ұйғыр қызына деген махаббаттың буына мас болып жүр. Пато Шығыс Түркістан өлкесінде туып-өскен 25 жастағы Дилреба Ділмұрат (Dilreba Dilmurat) есімді актрисаға сезімін білдіруден жалығар емес.

Пато өзінің Twitter парақшасында Дилребаны 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, «Сіз Қытайдағы ең әдемі қызсыз», деп жазды. Бұнымен қоса футболшы актрисаның әлеуметтік парақшасындағы 30-дан астам фотосына Like басып, өзіне ұнайтынын білдірген.



Бұдан да сорақысы, Пато актрисаның жарнама тақтасына ілінген үлкен суретінің қасында селпи жасаған. Бейне, актриса қыздың қарапайым жанкүйері секілді. Өз кезегінде Дилреба футболшыға жауап бергені былай тұрсын, ештеңе білмегендей күй танытқан.



Осының алдында Пато тілшілерге берген сұқбатында, «Оның мені ұнатпауына менің көп гол соға алмай жүргенім себеп болуы мүмкін. Егер мен көп гол соғып, жақсы өнер көрсетсем сұлудың назарын өзіме аударатын боламын», деген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер