Басқа

Павлодарда қысқы Универсиада аясындағы гір спортынан жеңімпаздар анықталды

news-banner7
mobile-news-top

VII Қысқы Универсиаданың 9 күнінде гір спортынан жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды prosports.kz сайтының тілшісі.

Кереку жерінде өтіп жатқан аталмыш додаға еліміздің 36 жоғарғы оқу орнының студенттері бақтарын сынап жатыр. Қысқы Универсиадаға қарасты гір спортынан студенттер өзара мықтыны анықтады. Жарыс аясында алдыларына жан салмаған ҚМПИ-дің студенттері талай қарсыластың алдын орап, бірінші орыннан көрінді. Ал батыстан келген БҚАТУ-дың студенттері жанкүйерлердің жоғарғы қолдауларына ие болғанымен, жалпыкомандалық есеп бойынша екінші орынға табан тіреді. Сонымен қатар, ҚазҰУ-дың студенттері үздік үштіктің қатарынан көрініп, қола жүлдені қанжығаларына байлады.

«Бұл жарысқа 60-тан астам студенттер қатысып жатыр. Оның ішінде халықаралық спорт шебері және спорт шеберіне үміткерлер бар. Енді жігіттерге біріншіден денсаулық керек. Ал гір спорты денсаулыққа өте пайдалы. Себебі күнде сабақтан кейін жатақханаға барып, осы гірмен денені шынықтыруға болады» - дейді жарыстың бас төрешісі Серік Абдахин.

Естеріңізге сала кетейік, гір спортымен қатар бастау алған қазақ күресі және пауэрлифтингтен жеңімпаздардың есімі сенбі күні анықталатын болады. Ал жалпы VII қысқы Универсиада 11 наурызда өз мәресіне жетеді.

Автор: Мәди Мұхамедқали

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер